Дүниежүзілік отбасылық дәрігер күні

Бүгін — Дүниежүзілік отбасылық дәрігер күні!

Бұл күн — әр отбасы үшін ең жақын әрі қолжетімді дәрігердің маңызын көрсететін ерекше дата.

Республикалық алғашқы медико-санитариялық көмек орталығы отбасылық медицинаны дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Біздің құрылымда 5 Отбасылық денсаулық орталығы жұмыс істейді, онда 37 жалпы практика дәрігері қызмет атқарады — дәл осы мамандар отбасылық дәрігер болып саналады.

Отбасылық дәрігер кім?

Ол:

Пациентке өмір бойы медициналық көмек көрсететін маман;

Денсаулық пен жан дүниені бірге емдейтін жанашыр адам;

Отбасылық анамнезді білетін, кешенді түрде қарайтын дәрігер;

Кез келген мәселе бойынша кеңес беретін, қажет болса жол көрсететін маман;

Аурудың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттаушы.

Отбасылық медицина не үшін қажет?

Қолжетімді әрі үздіксіз көмек көрсету үшін;

Сенімді қарым-қатынас орнату үшін;

Тар бейінді мамандар мен жедел жәрдемге түсетін жүктемені азайту үшін;

Ұлт денсаулығы мен өмір сапасын арттыру үшін.

Барша отбасылық дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *